ПСЖ кеше өз алаңында "Нант" клубын қабылдады. Дәл осы ойын барысында париждік клубтың жартылай қорғаушысы Анхель Ди Марияның үйі тоналды, ал аргентиналық футболшының жанұясы кепілге алынды, деп хабарлайды ESPN.
Жартылай қорғаушының өзі ойынның 62-минутында ПСЖ-ның спорттық директоры Леонардо болған жағдай туралы бас бапкер Маурисио Почеттиноға хабарлағаннан кейін ауыстырылды. Стадионнан шыққаннан кейін Ди Мария шұғыл түрде үйіне қарай жол тартты.
Дереккөздің хабарлауынша, осы матч кезінде ПСЖ-ның тағы бір ойыншысы Маркиньостыңың ата-анасының үйі де тоналған, олар да сәйкесінше футболшының жанұясын кепілде ұстаған. Маркиньос кеше алаңда 90 минут бойы өнер көрсетті.
Полиция екі жағдайды да тергеуге кірісті. Бұған дейін Ди Марияның Манчестердегі үйі 2015 жылы "қызыл сойқандар" сапында ойнап жүрген кезде тоналған болатын.
Біздің серіктес: FONBET