Жарнама
Жарнама

ПСЖ - «Истанбул Башахшехир» матчы нәсілшілдік әрекеттің салдарынан 9 желтоқсанға қалдырылды

09.12.2020, 09:24
Түркиялық клуб осындай әрекетке барған төрешіні қазылар алқасынан шығаруды талап етті.
Жарнама
Жарнама

"Париж-Сен-Жермен" және "Итанбул Башакшехир" футболшылары матч барысында нәсілшілдік әрекеттің орын алуы салдарынан стадионнан кетіп жатыр. Журналист Мохамед Бухафсидің ақпаратына сәйкес, матч ертең, 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен 23:55-те жалғасады.

Оқиға Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы турындағы матчта орып алды. Резервтегі төреші Себастьян Колцеску түркиялық клубтың бас бапкерінің көмекшісі Пьер Вебоны "қара" деп атаған. Бұл Вебоның өзіне және команда шабуылшысы Демба Баға ұнамады.

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 03:00-де жалғасуы керек еді. Бірақ ақыр соңында футболшылар алаңға шыққан жоқ. ПСЖ қызметкерлері ойыншылардың заттарын жинай бастады. Соғар қарағанда, бүгін матч аяқталмайтын шығар.

ПСЖ футболшылары алаңға шығуға оқталған еді, бірақ кейін киім ауыстыратын бөлмеге оралды. Түркиялық клубы заң бұзған төрешіні қазылар алқасынан шығаруды талап етті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров