Жарнама
Жарнама

ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын ойыншы тапты

26.10.2021, 19:48
Эрлинг Холанд, Патсон Дака секілді шабуылшыларды шығарған «РБ Зальцбург» тағы бір таланттың бағын ашты.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жермен" клубы шабуылшы Килиан Мбаппенің орнын басатын ойыншы іздеуде, деп хабарлайды AS порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, париждіктер "Ред Булл Зальцбург" командасының шабуылшысы Карим Адейемиге қызығушылық танытуда. Бұған дейін футболшыға "Бавария", "Боруссия Дортмунд", "Лейпциг" және "Ливерпуль" клубтарының көз тігіп отырғаны хабарланған болатын.

Осы маусымда Адейеми "Ред Булл Зальцбург" сапында барлық турнирлерде 18 матчқа қатысып, 14 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Еске салайық, Килиан ПСЖ сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Оның ПСЖ-мен келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Француз шабуылшысы осы маусымда Лига 1-де 11 ойында 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров