Жарнама
Жарнама

ПСЖ клубы бас бапкерін қызметінен босатты

05.07.2022, 22:19
Аргентиналық маманның орнын Кристоф Галтье басады.
Жарнама
Жарнама

ПСЖ өзінің ресми сайтында аргентиналық маман Маурисио Почеттиноның бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады.

«Клуб Маурисио Почеттиноға және оның жаттықтырушылар штабына еңбектері үшін алғысын білдіреді және оларға болашақтағы бар жақсылықты тілейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Почеттино ПСЖ-ны 2021 жылдың қаңтарында тізгіндеген болатын. Маурисионың жетекшілігімен париждіктер 84 матч өткізіп, Франция кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар 10-шы рет ел чемпионы атанды.

Бұған дейін ПСЖ клубының Почеттино мен оның жаттықтырушылар штабына келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы ретінде 15 миллион еуро төлейтіні белгілі болған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров