«Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Маурисио Почеттино осы аптада қызметінен босатылады. Париждік клуб бұл лауазымға Кристоф Галтьені тағайындау үшін «Ниццаға» 10 миллион еуро көлемінде өтемақы төлемек. Бұл туралы L'Equipe басылымы хабарлайды.
Дереккөздің айтуынша, Почеттиномен қоштасу рәсімі 23 маусымда өтуі керек. Париждіктер аргентиналық жаттықтырушы мен оның көмекшілеріне өтемақы ретінде 15 миллион еуро береді деп күтілуде.
Хабарламада команданың жаңа бас бапкер болып Кристоф Галтьенің тағайындалатыны да айтылған. Ұзақ уақыт бойы ПСЖ «Ниццамен» Галтьенің келісім-шартын бұзғаны үшін берілетін өтемақы мөлшерін келісе алмай жүрді, бірақ қос тарап нақты мәмілеге келген екен. ПСЖ жаңа маусымға дайындықты 4 шілдеде дәл осы маманның жетекшілегімен бастайды.
Біздің серіктес: FONBET