Жарнама
Жарнама

“ПСЖ” командасы Хвича Кварацхелияны назарға алды

Париждік клуб Килиан Мбаппенің орнына ұжымға Хвица Кварацхелияны қосуды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Le Parisien басылымының ақпараты бойынша Луиш Кампуш Рим қаласында біраз келіссөздер жүргізіпті. Соның бірі “Наполи” вингерінің агенттерімен болған.

“ПСЖ” спорттық басшылығы Киллиан Мбаппе кетісімен шабуылдың сол қапталын күшейтуге кіріспек. Аталмыш позицияда Брэдли Барколя жақсы өнер көрсеткенімен, париждік клуб ойыншының әлі де бастапқы құрам футболшысы көрмейді екен. 

“Наполи” өз ойыншысы үшін 80 млн еуро алатын болса, Хвичаның бағын байламаймыз деп отыр. Қазірдің өзінде Неаполь ұжымы грузинді алмастырар аяқдопшы қарастыруда. 

23 жастағы вингер “Наполи” үшін осы маусымда 42 ойында 10 гол мен 7 голдық пас берді. 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров