“ПСЖ” “Манчестер Юнайтед” ойыншысын қатарына қосқысы келеді

Француздық “Пари Сен-Жермен” командасы “Манчестер Юнайтед” футболшысы Джейдон Санчоға ұсыныс жасады. 

“ПСЖ” “Манчестер Юнайтед” ойыншысын қатарына қосқысы келеді

Ағылшындық “ПСЖ” сапына ауысуға қарсы емес. Алайда келісімнің тоқ етерін “Манчестер Юнайтед” қоятын болады. Әзірге “манкуниандықтар” Санчоға байланысты нақты шешімін ашып айтпады.

Осы маусымда 24 жастағы ойыншы “Боруссия” Дортмунд үшін барлық турнирлерде 24 ойын өткізіп, 3 гол мен 3 голдық пас берді.

Еске салсақ, вингер 2021 жылы “Боруссиядан” “Манчестер” сапына ауысқан болатын. Джейдон 2026 жылға дейін ағылшындық клубқа тиесілі.