Жарнама
Жарнама

ПСЖ мен «Истанбул Башахшехир» арасындағы матч неге үзіліп кетті?

09.12.2020, 09:06
ПСЖ да бұл жағдайға түсіністікпен қарауда.
Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының 6-турындағы ПСЖ - "Истамбул Башакшехир" матчы бұған дейір жоспарланғандай Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 03:00-де қайта жалғасқан жоқ. Қосалқы төреші делегация құрамынан шығарылмайынша, түрік футболшылары алаңға шығудан бас тартып отыр. Айта кетейік, нәсілшілдік әрекетке барған резервтегі төреші VAR жүйесінде жұмыс істейтін әріптесімен алмасуы керек болған. Бірақ бұл нұсқа да қонақтарды қанағаттандырмады.

Кездесу 21-минутта "Истанбул Башахшехир" футболшыларының қосалқы төрешіні нәсілшілдік әрекетке барды деп айыптағаннан кейін тоқтатылған болатын. Төртінші төреші Себастьян Колцеску "Истанбул Башахшехир" клубының бас бапкерінің көмекшісі Пьер Вебоны "қара" деп атаған екен.

ПСЖ футболшылары алаңға шығуды жоспарлады, бірақ соңында қарсыластарының алаңға шықпайтынын көріп, киім ауыстыратын бөлмеге қайта оралды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров