Жарнама
Жарнама

ПСЖ мерзімінен бұрын Франция чемпионы атанды

24.04.2022, 16:10
«Пари Сен-Жермен» өз тарихында 10-шы рет Франция чемпионы атанды
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 24 сәуірде «Пари Сен-Жермен» Франция чемпионатының 34-туры аясында «Ланспен» тең ойнады (1:1).

Осы нәтиженің арқасында ПСЖ мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды. Париждік клуб 34 турдан кейін 78 ұпай жинады. Екінші орында тұрған «Марсельдің» (62 ұпай) ПСЖ-ны қуып жетуге математикалық мүмкіндігі жоқ.

«Пари Сен-Жермен» өз тарихында 10-шы рет Франция чемпионы атанды және титулдар саны бойынша «Сент-Этьенді» қуып жетті. Лига титулдарынан басқа, ПСЖ қоржынында 14 Франция кубогі мен 9 Франция лигасының кубогі бар.

Қалған турларда «Пари Сен-Жермен» «Страсбург», «Труа», «Монпелье» және «Мец» командаларына қарсы ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров