Жарнама
Жарнама

"ПСЖ" Президенті Мбаппе мен Луис Энрикенің жанжалы жайлы айтты

06.03.2024, 11:58

«ПСЖ» Президенті Нассер Әл-Хелайфи Париждік клубтың бас бапкері Луис Энрике мен шабуылшысы Килиан Мбаппенің қарым-қатынасы жайлы айтты.

Жарнама
Жарнама

Францияның топ-клубының Президенті екі тараптың жанжалы болған жағдайда бапкердің жағында болатынын жеткізді. «Мбаппе мен Энрикенің жанжалы? Бәрін реттейтін бас бапкер. Біз соның жағындамыз, бұл анық. Ең басты тұратыны – «Пари Сен-Жермен» командасы», - деген клуб Президенті өзінің позициясын анық аңғартқан болатын.

Килиан Мбаппе «ПСЖ» жейдесінде 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Шабуылшы содан бері командасымен 13 титул ұтқан. Осы маусымда барлық турнирлерді есептегенде 34 ойынға қатысып, 34 рет мергендігімен танылды. Париждік клубпен келісімшарты осы жылдың маусымына дейін. Киллиан Мбаппенің нарықтағы бағасы – 180 млн еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров