«Реал Мадрид» пен Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Пари Сен-Жермен» сапында жалғастыруы мүмкін.
Ойыншының агенті Жорже Мендеш оны франциялық клубқа ұсынды.
29 жастағы жартылай қорғаушыға «Манчестер Юнайтед» клубы да қызығушылық танытып отыр. Олар Хамес үшін 25 миллион еуро ұсынды, ал «Реал» оны кем дегенде 35 миллионға сатқысы келеді.
Ал "ПСЖ" Корольдік клубтың сұраған ақшасын төлеуге дайын.
Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.
Біздің серіктес: FONBET