Жарнама
Жарнама

ПСЖ спорт директорын қызметінен босатуы мүмкін

13.03.2022, 02:15
Клуб басшылығы оның орнын басатын адамды да тауып қойды.
Жарнама
Жарнама

Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы жаттықтырушысы Арсен Венгер ПСЖ клубының спорттық директоры лауазымына басты үміткер ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды RMC Sport.

Аталмыш басылым клубтың қазіргі спорт директоры Леонардоның қызметінен кететінін хабарлады. Сондай-ақ париждік клуб Зиданмен алдын ала келісім жасасып қойған екен, франциялық бапкер ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін Маурисио Почеттиноны алмастырады. ПСЖ басшылығы Венгер мен «Реалдың» бұрынғы жаттықтырушысы Зинедин Зидан бір-бірін жақсы түсінеді деп жоспарлауда.

Арсен Венгер қазір ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту бөлімінің басшысы ретінде еңбек етуде. Бапкерлік мансабында ол «Монако» мен «Арсенал» командаларын жаттықтырған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров