Жарнама
Жарнама

"ПСЖ" ұпай жоғалтпауда

22.08.2015, 15:06
Жарнама
Жарнама
Матюидидің голы париждіктерге кезекті жеңіс әкелді.   "Монпелье" қатарынан үшінші кездесуде жеңіліске ұшырап отыр. Роллан Курбис баптайтын жігіттер бұл жолы ел чемпиондарына жол берді. Қонақтар керек голды бірінші таймда салғанымен, бас қазы оффсайдқа байланысты оны есепке алмаған еді. Бірақ, екінші таймның 61-ші минутында Матюиди заңды түрде есеп ашты. Максвеллдің пасынан кейін, француз жартылай қорғаушысы қақпаны дәл көздеген болатын. Лоран Блан шәкірттері жұз пайыздық көрсеткішпен көш бастап тұр. Жеңіске жетпек түгіл, үш ойында бірде-бір гол салмаған "Монпелье" көш соңында. «Монпелье» -"ПСЖ"0:1 (0:0) Гол:Матюиди, 61.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров