ПСЖ Маурисио Почеттиноның орнына бас бапкер ретінде Кристоф Галтьенің тағайындалғанын хабарлады.
Келісім-шарт мерзімі 2023/2024 жылғы маусымның соңына дейін есептелган.
«Пари Сен-Жермен» трофейлер ұтып алу мүмкіндігі көп тамаша клуб болып табылады. Біз мұндағы адамдарды бақытты ету үшін бәріміз бірге жұмыс істеуіміз керек. Бір өзімнің қолымнан ештеңе келмейді», - деді Галтье.
Ұзақ уақыт бойы ПСЖ «Ниццамен» Галтьенің келісім-шартын бұзғаны үшін берілетін өтемақы көлемін келісе алмай жүрді. Нәтижесінде «Ницца» париждік клубтан 10 миллион еуро өндіріп алды. Бұған дейін Галтье «Лилльді» жаттықтырып, онымен бірге 2020/2021 жылғы маусымда Суперкубок пен Франция чемпионатын жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET