Жарнама
Жарнама

Пушкаш премиясының иегері белгілі болды

18.12.2020, 05:43
Сон Хын Мин бұл голды соғу үшін алты ойыншыны сан соқтырды.
Жарнама
Жарнама

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) "Тоттенхэм" клубының шабуылшысы Сон Хын Минге Пушкаш сыйлығын табыстады. Бұл жүлде жылдың ең әдемі голы үшін беріледі.

2019 жылдың 7 желтоқсанында "Бернлиге" қарсы матчта солтүстік кореялық футболшы доппен өз айып алаңынан қарсылас қақпасына дейін барып әдемі гол соққан еді. Жолында форвард алты қарсыласын алдап өтіп, қақпашымен жеке-дара шықты. Бұл ойында "Тоттенхэм" 5: 0 есебімен жеңіске жетті.


Сон Хын Миннен басқа бұл сыйлыққа Джорджиан де Арраскаета ("Сеара" - "Фламенго") және Луис Суарес ("Барселона" - "Мальорка") үміткер атанған еді.

FIFA-ның The Best-2020 салтанаты жиыны 17 желтоқсанда өтті. Шара онлайн режимінде жүргізілді. Ал үміткерлерге дауыс беру 25 қарашада басталып, 9 желтоқсанда аяқталды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров