Жарнама
Жарнама

"Қайрат" академиясының артықшылығы

23.10.2018, 19:37
Жарнама
Жарнама
Егемен еліміздің ертеңі жас ұрпақ десек, еліміздегі балалар футболының жай күйі бәрімізді алаңдатары анық. Тәуелсіздік  алған жылдан бері қауымдастық тізгінін ұстаған басшылар, балалар футболын дамыту  туралы бағдарламалар жасап, сол игі жобалар ақырындап болса да жүзеге аса бастады. Кеңестер заманында доп тепкен кез келген футболшыны әңгімеге тарта қалсаңыз «қазіргі жастардың мүмкіндігі мол» дегенді айтады. Арадагерлер сөзінің жаны бар.  Қазір футбол ойнаймын дегендерге жағдай жасалған. Тіпті  жас өрендерге Пеленің отаны Бразилияға барып тәлім теруге де жол ашылды. Әйгілі Марко Ван Бастен, Йохан Кройф секілді саңлақтар шыққан Аякс  мектебінің өкілдері де Алматыда ашылған халықаралық академияда   дәріс оқыды. Еліміздің бірнеше қаласында балалалар футбол орталықтары ашылып, жас таланттардың танылуына мүмкіндік туды.  Білікті бапкер Бауыржан Сәрсекеновтың бастамасымен балалар лигасы құрылды.  Алматыда  жергілікті "Қайраттың" үш бірдей балалар академиясы ашылды.  Өткен аптада сол "Қайрат" өрендері жаттығатын Тимур Сегізбаев академиясына жолымыз түсті. 2015-ші жылы ашылған бұл орталықта қазіргі таңда 120  тәрбиеленуші бар екен. Ғимарат табалдырығын аттаған бетте Сегізбаевтың спорттық ғұмырынан сыр шертетін тарихи суреттер, Қайраттың сонау кеңестер дәуіріндегі  жеткен жетістіктерінің барлығы жазулы тұр. 3 қабатты заманауи үлгіде салынған академияда жанға керектінің бәрі бар. Дене шынықтыру  және гимнастика залы, медициналық бөлім, жаттықтырушылар  кеңсесі, жиналыс залдарының барлығы да  көздің жауын алады. Академия жатаханасы да жанға жайлы.  Әртүрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып балалар бос уақыттарында көңілді өтізетін көрінеді. Бұл жерде футболдан бөлек балалардың біліміне де көңіл бөледі. Жанна Ибашова – Академия ұстазы   - Мектеп бағдарламасынан бөлек қазақша фильмдер көрсетеміз. Жаңағы көрсетілген көркем суретті балалар  өз ойыменен жеткізіп, терең ойланып  жеткізіп талдау жасайды ғой. Соның бәрін  тек қазақ тілі сабағында ғана емес, орыс тілі сабақтарында да сондай қылып өтеді. Ағылшын сабақтарында да. Содан кейін барып біздерде кәдімгі жәй мектептептің  оқушы балалары сияқты, балалар  ҰБТ-ға дайындалады. Сол ҰБТ-ға пәндердің бәрі қосылады. Матемматика, химия пәні бар бізде, биолгия тарих пәндері бар бізде. Солардан көрсеткіштері  жаман емес. Осы Сегізбаев академиясын тәмамдап алтын белгі иегері атанған Илья Артюшенко қазіргі таңда "Қайраттың" жастар құрамында тер төгіп жүр. Орталықта 3 бірдей футбол алаңы бар десек,  оның екеуі жасанды ал біреуі табиғи алаң. Кезекті жаттығудан кейін жас өрендерді әңгімеге тартып көрдік. Рамазан Асылбекұлы – Академия шәкірті - Мен кішкентай кезімде ойнап жүрген кезде мені бірінші алғысы келмеді академияға. Сосын бізге Голладиялықтар келген Қайратқа. Солар мені көрген  Академияға алды. Содан бері уже 4 жылдай академиядамын. тамақтары өте дәмді. Олар әдейі біледі да спортсмендерге қандай  количество беруге. Қанша калория соны  біледі олар өте дәміді тамақтары. Олжас Байбек – Академия шәкірті - Өзім 9 жастан "Қайраттың" филиалында ойнадым. Сосын мен бір жыл филиалында ойнап сосын мені академияға алды. Өскенде Қайраттың основасында ойнап "Қайратты" жетістіктерге жеткізгім келеді. Жалпы Қайраттың үш бірдей академиясында 600 ге жуық бала тәрбиеленуде десек, 37 бапкер және 8 жоғары білімді ұстаз дәріс береді. Бұдан бөлек Алматыда "Қайрат" академиясның 9 филиалы жұмыс жасайды.  Төрт жыл бұрын ашылған академия түлектерінің алды ұлттық біріншілікте және ел кубогы жолындағы жарыстарда тер төгіп жүр. Тек қана Алматыда емес мұндай футбол академиялары еліміздің әр бұрышында ашылуы тиіс. Және осы орталықтарда тамыр таныстың баласы емес нағыз таланттар тәрбиеленуі тиіс. Өйткені балалар футболының көсегесін көгертпей биік белестерді бағындыра алмасымыз түсінікті. Күнсіз гүлде өспейді, Күтусіз ұлда өспейді. Спортшы балалардың тәрбиесіне тек қана бапкерлер емес,оның ата-анасыда  тікелей жауапты.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров