Жарнама
Жарнама

«Қайрат» алты матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды

22.05.2022, 02:07
Алматылық клуб өз алаңында сенімді жеңіске қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында «Шахтерді» қабылдады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 15-минутында Виктор Васин бұрыштамадан асырылған пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ал 85-минутта Жоао Пауло кездесудің нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 12-тур

«Қайрат» – «Шахтер» – 2:0

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер, Арсен Бораншиев, Виктор Васин, Дамир Қасаболат, Сұлтанбек Астанов – Яцек Гуральский (к), Рикарду Алвеш – Жоао Пауло, Артур Шушеначев, Хосе Канте;

«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов, Иван Граф, Джордже Чосич, Михаил Габышев (Владимир Хозин 69), Кирилл Маляров – Роджер Каньяс, Стефан Букорац – Роман Мұртазаев (Иван Свиридов 81), Абылайхан Назымханов (Эдин Рустемович 46), Айдос Тәттібаев (Тохтар Жаңғылышбай 80);

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров