«Қайрат» Анталияда Гана футбол командалары құрамасын 2:0 есебімен жеңді
03.02.2012, 03:38
Жарнама
Жарнама
Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» Гана футбол командалары құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.
Бұл ойында алматылықтар Гана аяқдопшыларының қақпасына жауапсыз 2 доп енгізді. Дмитрий Огай жаттықтыратын «Қайрат» футбол клубы бұған дейін 30 қаңтарда Хорватияның «Хайдук Сплит» («Hajduc Split») командасын 1:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін олар енді черногориялықтардың «Зета» («Zeta») клубының ойыншыларымен шеберлік байқаспақ. Ал 5 ақпандағы қарсыласы Грузияның «Дела Гори» («Dela Gori») командасы болады.
Алматылықтардың 27 қаңтарда басталған бұл жиыны 10 ақпанға дейін созылады. Оған дейін олар 7, 9 ақпанда тағы 2 кездесу өткізу жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластардың кім болатыны белгісіз