Жарнама
Жарнама

"Қайрат" - "Ақтөбе"

27.05.2011, 02:39
Жарнама
Жарнама

Сидельников

Бадло                Смаков                 Логвиненко            Кенжесариев

Боно

Мане                           Хайруллин                                     Хохлов

Примус                               Лисенков

Владимир Мұқанов

Струков

Балтиев                                                                   Сүймағамбетов

Головской

Әбуғалиев

Горячий                              Коструб           Кирильчик           Шестаков

Цветков

Владимир Никитенко

13-тур аясында кездескен "Қайрат" пен "Ақтөбе" командалары қызықты футбол сыйлады. "Орталық" стадионға жиналған 7-мыңға жуық жанкүйер ойыншщыларға керемет көңіл-күй сыйлаған еді. Ойын басталмай тұрып, касса алдында ұзын-сонар кезекті көріп, бүгінгі матчтың атмосферасын бірден ұқтым. Мұның алдандағы сапарларында "Ақтөбе" осы стадионда жеңіске жетіп жүретіні есіме түсті. Суперкубокты да, чемпиондық тәжді де Алматының киелі стадионда ұтқан болатын.

Қонақтар отыратын сектор түгел қызара-бөртіп, "Ақтөбе алға" деп тұр. Қазақстандағы ең күшті жанкүйерлер тобы болып саналатын "тиффозилер" барабандатып, өздерінің жаттаған өлеңдерін айтуда.

Матч басталысымен көзім бірден қара нәсілді ойыншыларға ауды. Қапталдағы Малик Мане Эссомбаның орнында жүр. Шабуылда Примус, орталық тіреуші жартылайқорғаушы Боно. Әттең, Эссомба жоқ! Әйтпегенде 4 қара қонақтарды шығарар ма еді ұшпаққа?!

"АҚТӨБЕ"  4-4-2 сызбасымен шығып, классикалық тактика ұстанды. Алғашқы минуттарда "Қайрат" 4-5-1 сызбасымен шықты. Бұл алматылықтар үшін өзгеріс еді. Себебі бір ғана шабуылшы шығып отыр. Ол Струков. Және айта кетуі керек Сергей осы матчта өзінің бұрынғы әріптестеріне қарсы керемет өнер көрметті. Гол соғатын мүмкіндік жасады, әрі ұрымтал пас берді. Соңғы 2 голға оның тікелей қатысы бар.

Ал 1-гол Константин Головскойдың шеберлігінің арқасында кірді. Қателік жіберген Сидельников допты орталық алаңға баспен шығара салған-тын. Допты оңтайлы аяғына қондыра салып, әуелете парашют жіберген Головской ұлттық құрамамыздың қақпашысының қақпасына допты топ еткізді.

Екінші таймда Мұқанов сәл тактикаға түзету енгізді. 4-3-3 схемасы жүзеге асып, Мане толықтай шабуылшы болып шыға келді. Бірақ, бұз ұзаққа созылмады. 60 минуттарда ештеңе өнбеген соң, бапкер бастапқы сызбаны қалпына келтірді.

Ойын соңына қарай Никитенко Балтиевтің орнына Христовты, артынша бірге-бір шығып гол соққан Мұрат Сүймағамбетовты Владимир Байрамовқа алмастырды. Лисенковтың өрескел қателігін керегіне жарата білген Шыңғыс командаласы Струковтын көзге түсуіне тамаша мүмкіндік жасап берген .

"Ақтөбе" сапынан ойынға қосылған аяқдопшылар мардымды ештеңе тындыра алмады. Аслан Дарабаев жылдамдыққа басып, 1-2 ойыншыны алдап өтпек болған. Бірақ, одан түк шықпады.

Баспасөз мәслихаты

В.Мұқанов: - 2-айналымға дайындық жасап жатырмыз. Еуропа лигасының аясында ойыншылар алуымыз керек. Бұл ойында Логвиненко мен Лисенковтың өрескел қателіктері барлығын шешті деп ойлаймын. Эссомбаға келер болсам ол 1,5 ай болды жарақат алғанына. Дәрігерлердің айтуынша жарасы енді жазылып келе жатыр екен. Оның еуропа лигасына қарай дайын болғаны керек. Сондықтан да, оны жақын арада қатты қинамайтын боламыз.

В.Никитенко: - Бүгін тізімге өзгеріс жасап шыққан едік. Тактиканы да ауыстырдық. 1 ғана шабуылшы шықты. Өткен турда Қарағандыда жақсы өнер көрсеттік. Бірақ, болмайтын бір пенальти бәрін құртты. Жалпы команданың ойынында алға жылжу бар.

2-айналымға дайындықты бастадық. Нақты сатып алатын ойыншыларды білмейміз. Дегенмен де, қапталдарды күшейту керек екенін ұғып жүрміз.

- Қарағандыдағы ойында қарсылас команда 12 ойыншымен ойнапты ғой?

- Иә, ондай жағдайды да көрдік. Бұл төрешінің қателігі. Неге алаңға 12-ойыншы жіберді. Түсініксіз. Қарсылас команданың да не ойлағанын білмедік. Әйтеуір тәртіпсіздік екені белгілі. Бірақ менің онда шатағым жоқ. Біз сол жағдайға байланысты ұтылып қалдық десем - таза өтірік болар еді. Сондықтан да мен оған бас қатырғым келмейді.

Ойыннан кейінгі бейресми деректерге сенсек, бұл ойынның жеңімпазы алддын-ала шешіліп қойған екен.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров