"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші турында алматылық "Қайратты" қабылдады. Матч Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 54-минутта соғылды. "Ақжайық" футболшысы Алексей Чичиков бір ғана паспен қарсыластың қорғанысын бұзып жарды. Оның пасын қабылдаған Павел Назаренко допты қақпашының үстінен асырып тастай салды. Алматылық ұжым қақпаны 6 рет дәл көздегенімен гол соға алмады.
Бұл жеңістен кейін Владимир Мазяр шәкірттері турнирлік кестеде 18 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. 17 ұпайы бар "Қайрат" төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET