Жарнама
Жарнама

«Қайрат»-«Астана» матчы осы маусымда ең көп көрермен жиналған ойын болды

25.10.2021, 20:02
Кешегі ойынды 9500 көрермен стадионнан тамашалаған
Жарнама
Жарнама

Алматының Орталық стадионында өткен Премьер-лиганың 25-ші турындағы «Қайрат» пен «Астана» матчы биылғы маусымда ең көп көрермен жиналған ойын болды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Ресми мәліметтер бойынша, кешегі ойынды 9500 көрермен стадионнан тамашалаған. Осылайша, Премьер-лиганың осы маусымында жаңа рекорд орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» елордалық команданы 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ойынның 8-минутында жалғыз голды черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косович соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров