Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында елордалық "Астананы" 1:0 есебімен жеңді.
"Астана" ойыншылары алғашқы таймда ойын тәртібін жиі бұзуымен есте қалды. Төреші ысқырық шалғанша Эбонг, Барсегян және Томасовтар ескерту алды. Алматылық жігіттер Айымбетовтың соққан голы арқасында алға шықты. Тіпті ойын соңына дейін бұл есеп өзгерген жоқ.
Айта кетелік, "Қайрат" осы ойыннан кейін, 41 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы алда кетті. Ал бір ойыны кем "Астана" 27 ұпаймен екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET