«Қайрат» «Атыраудың» тас-талқанын шығарды

03.07.2021, 02:21
Алматылық клуб қарсыластарына жауапсыз бес гол соқты

"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы туры аясында "Атыраумен" кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 5:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 28-минутында есеп ашқан Артур Шушеначев 59-минутта дубль авторы атанды. Ал 57-минутта Хосе Канте ерекшеленді. 68-минутта Гүлжігіт Алықұлов, қосымша уақытта Камо Оганесян гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Кирилл Кекер шәкірттері бұл жеңістен кейін 37 ұпаймен үшінші орында қала берді. Жауапсыз бес гол жіберген "Атырау" 25 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.