Жарнама
Жарнама

Қайрат Баймаханов: «Жерсіндіру – Қазақ футболының қасіреті!»

07.08.2014, 03:29
Жарнама
Жарнама
Футбол агенті Қайрат Баймаханов «PROСПОРТ» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. «PROСПОРТ» анықтамасы Қайрат Баймаханов Туған жылы: 30.03.1981 Футболшы мансабы: 1996–97 – «Қайсар», 1998-2000 – «Қайрат», 2001–2002 «Манғыстау», 2002–2004 – «Батыс», 2004–2005 «Атырау» Ұлттық құрама сапында: 1996–1997 – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17), 1997–1998 – Қазақстан жастар құрамасы (U-19) Кәсіби мансабы: 2005–2007 – Евразиялық өнеркәсіп компаниясының қаржы сарапшысы, 2010–2011 – «Тараз» ФК спорттық директоры, 2012 – қ.т. – агент-селекцияшы – Қайрат, қазіргі таңда сіз жеке агенттік компанияны басқарып селекциямен айналысып жүрсіз. Қызметіңіздегі жетістіктер туралы айтып берсеңіз... – Селекциямен айналасып ойыншыларды іздегенбіз. Көптеген командалар мықты ойыншыларды бізден сұрайды. Жергілікті ойыншылармен қатар шетелдік футболшылар да сұраныста. Сондықтан, Еуропағада назар аударып жатырмыз. Көп командалар ойыншының түйіндемесін оқып командаға ала саламыз деп ойлайды. Бұл қате түсінік. – Футболшының түйіндемесімен танысқан сәтте, не нәрсеге көңіл аударасыз? – Біз үшін ең алдымен ойыншының тәжірибесі манызды. Қай чемпионатта, қай командада ойнағанын ескереміз. Қазақстан премьер-лигасының деңгейі жоғарлады. Мәселен, Латвияның үздік ойыншысы мен бомбардирі Қазақстанда тура солай ойнай алады деп нақты айта алмаймын. Қазақстан біріншілігінің деңгейі - Балтика елдері мен кейбір Шығыс Еуропа мемлекеттерінің чемпионатарынан жоғары. – Футболшының түйіндемесімен танысқан соң келесі кезең қандай? – Итальяндық скаут жүйесі бойынша сараптама жүргіземіз. Қазірде, әрбір футболшының статистикасымен танысуға болады. Міндетті түрде футболшының бірнеше ойынын тамашалаймыз. Содан соң ғана оның деңгейін анықтауға болады. Артынша, сол ойыншыны – клубтарға ұсынасымыз. – Соңғы кездері шетелдік ойыншылар байқаудан өткісі келмейді. Осы мәселе трансферге кедергі келтіреді ме? – Қазақстандық командалардың көбісі ойыншыны сатып алу алдында, оны байқаудан өткізеді. Шетелде жақсы өнер көрсетіп жүрген ойышыларды үш күндік байқауға шақыру өте қиын. Ал, «Ақтөбе» мен «Астана» секілді командалар байқаудан өткізбей-ақ ойыншыларды сатып алады. – ҚПЛ-ға байқаудан өткізбей орналастырған ойыншыларыңыз болды ма? – Желтоқсан айында көп командаларға Савио Нсереко, Ги Стефан Эссаме мен Милош Трифуновичті ұсынғанбыз. Көбісі байқаудан өткізбей командаға қабылдаудан бас тартты. Сосын, «Атырауға» Белявский мен Юревич келді. Олар ойыншылардың агентімен жақсы таныс болғандықтан, байқаудан өткізбей келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда, бұл футболшылар өз командаларының жектеші ойыншылары деп айтуға болады. Түпнұсқасы - http://www.prosportkz.kz/kz/news/39573.html
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров