Жарнама
Жарнама

«Қайрат» «Барселона» түлегін қатарға қосты

02.07.2021, 03:11
«Қайрат» бұл ойыншы үшін 500 мың еуро төлеген.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат"26 жастағы камерундық қорғаушы Маки Баньякпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

Жақын күндері ойыншы медициналық тексеруден өтіп, еңбек келісім-шартына қол қою үшін Қазақстанға келеді. Transfermarkt порталы футболшының үш жылдық келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Баньяк - каталондық "Барселонаның" түлегі. Ол 2012-2016 жылдары "Барселонаның" жастар командасында өнер көрсетті. Одан бөлек, "Реал Сарагоса", австриялық "Адмира Ваккер", словениялық "Олимпия" және сербиялық "Партизан" клубтарының намысын қорғады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров