Басшылықтың шешімімен тағы төрт спортшы матчтарға қатыспайды.
Алматылық «Қайрат» футбол клубының басшылығы маусым соңына дейін негізгі құрамның бес ойыншысын жаттығулар мен матчтардан шеттетті. Бұл туралы sk-sport.kz хабарлайды.
Ойыннан шеттетілген футболшылар: команда капитаны Самат Смақов, Дмитрий Хомич, Зауырбек Плиев, Михаил Бакаев, Александр Кислицын.
Ойыншылардың неліктен шеттетілгені әзірге белгісіз.