Жарнама
Жарнама

«Қайрат»-«Базель» матчындағы үздік ойыншылар анықталды

26.11.2021, 15:49
«Қайрат» сапында бразилиялық футболшылар үздік деп танылды.
Жарнама
Жарнама

SofaScore аналитикалық порталы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат»-«Базель» (2:3) матчындағы ойыншылардың рейтингін жариялады.

Бразилиялық шабуылшылар Вагнер Лав пен Жоао Пауло «Қайрат» сапындағы үздік ойыншы деп танылды (7,5). Вагнер Орталық стадиондағы соңғы матчында гол соқса, Жоао Пауло оған нәтижелі пас берді. Екінші және үшінші орындарды Айбол Әбікен (7,0) мен Камо Оганесян иеленді. Екеуі де екінші таймда алаңға шығып, 30 секундта екінші голды ұйымдастырды.

«Базель» футболшылары Ваутер Бюргер мен Эдон Жегрова (екеуі де – 7,8) матчтың үздік ойыншысы атанды. Жеңіс голының авторы Пайтим Касами 7,6 ұпайға ие болса, бірінші таймның соңында пенальтиді орындаған бразилиялық шабуылшы Артур Кабралдың ойыны 7,3 ұпаймен бағаланды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров