Алматылық "Қайрат" "Динамо-Бресттің" 23 жастағы жартылай қорғаушысы Роман Юзепчукке қызығушылық танытып отыр.
2018 жылы маусымнан тамыз айына дейін Бресттің "Динамосында" жұмыс істеген алматылық команданың тәлімгері Алексей Шпилевский ойыншының қызметіне қызығушылық танытып отыр.
Юзепчук жартылай қорғаныстың оң қапталында, сонымен қатар қорғаныста да ойнай алады. Өткен маусымда Роман Юзепчук 24 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET