Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Бельгия құрамасының ойыншысын қатарларына қосты

04.01.2015, 18:00
Жарнама
Жарнама
ганассиАлматылық "Қайрат" 24-жасар Мароккода туылған Бельгиялық Яссин Эль-Ганасси атты ойыншыны қатарларына қосты, деп хабарлайды sports.kz сайты. Эль-Ганасси әмбебап ойыншы. Спорттық мансабын "Ла-Лувьер" клубында бастады. Кейіннен "Гентке" ауысты, 111 кездесуде алаңға шығып, 15 гол соқты. Ол клубтан ағылшындық "Вест Бромвич Альбионға" (3 матч, 1 гол), голландиялық "Херенвен" (12 матч, 5 гол), БАӘ "Аль-Айн" (11 матч, 1 гол) клубтарына жалға берілді. Бельгия жастар құрамасы сапында және ұлттық құрама сапында 1 матчта алаңға шықты. Transfermarkt.de сайтының мәліметi бойынша футболшының трансферлік бағасы 1,5 миллион еуро. "Гентпен" келiсім-шартты қыркүйек айында аяқталды, ол алматылық клубқа тегінге келді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров