Жарнама
Жарнама

«Қайрат» екі футболшымен қош айтысты

03.12.2020, 16:48
Даировқа бірнеше ҚПЛ клубтары қызығып отыр.
Жарнама
Жарнама

Польшалық жартылай қорғаушысы Конрад Вжесиньский мен қазақстандық қорғаушы Нұрлан Даиров «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Екі ойыншының да келісімшарт мерзімдері аяқталды.

Конрад «Қайратқа» 2019 жылдың қаңтарында қосылды. Жалпы жартылай қорғаушы алматылық клуб сапында 43 кездесу өткізіп, 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Даиров - «Қайраттың» тәрбиеленушісі. 2012 жылы қорғаушы клубтың қосалқы құрамында ойнай бастады. Премьер-лигадағы дебютін 2016 жылы «Ордабасыға» қарсы ойында жасады. Ол негізгі командада небәрі алты матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров