Жарнама
Жарнама

«Қайрат» екі футболшымен қоштасты

07.07.2022, 18:07
Біреуін өзбекстандық клуб қайтарып алды, енді бірін ресейлік клубқа жалға берді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубы командадан екі ойыншы – жартылай қорғаушы Жасурбек Жалолиддинов пен қақпашы Никита Пивкиннің кеткенін хабарлады.

«Өзбекстандық жартылай қорғаушы Жасурбек Жалолиддинов ташкенттік «Локомотивке» қайта оралды. Өзбекстандық клуб жалдау шарты бойынша өнер көрсетіп жгрген мерзімінен бұрын қайтарып алды.

«Қайрат» қақпашысы Никита Пивкин ФНЛ-2-ге оралды. Өткен маусымды «Қайрат-Мәскеуде» өткізген қақпашы «Электрон» футбол клубына бір жылға жалға берілді», - делінген хабарламада.

Өзбекстан жастар құрамасының ойыншысы алматылық клубқа осы маусымның басында қосылған еді. Содан бері 7 матчқа қатысқан 20 жастағы Жасурбек нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түспеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров