Жарнама
Жарнама

«Қайрат» екі легионер қорғаушымен келісім-шартты үзбекші

11.12.2021, 16:12
Екі футболшы да жалға алған пәтерлерін тапсырыпты.
Жарнама
Жарнама

Раде Дугалич және Дино Миканович «Қайрат» клубынан кетеді, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы.

Дереккөздің хабарлауынша, екеуінің де алматылық клубпен бір жылға жарамды келісім-шарттары бар, бірақ Балкан түбегінен келген легионерлер басшылықтың жалақыны азайту туралы ұсынысына өз келісімін бермеді. Қос футболшы жалға алған пәтерлерінің кілттерін тапсырып қойған екен.

Миканович өткен маусымда алматылық клуб үшін 39 матчқа қатысып, 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Ал Дугалич 40 матч өткізіп, бес мәрте мергендік танытты.

Айта кетейік, «Қайраттың» келесі маусымдағы бюджеті шамамен 40%-ға қысқарады деп күтілуде.

Бұған дейін, армениялық қорғаушы Камо Оганесянның да командадан кететіні хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров