Алматылық «Қайрат» 29 жастағы сербиялық қорғаушы Раде Дугалич пен 26 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косовичтің командадан кеткенін хабарлады. Екі ойыншы да өзара мәміле бойынша клубпен келісім-шартты бұзды.
Раде Дугалич «Қайратқа» 2019 жылы келіп, 95 матчта, 12 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Небойша Косович те алматылық клубқа 2019 жылы келіп, содан бері 72 матчқа қатысты (9 гол, 9 нәтижелі пас).
Қос футболшы «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанды және ел кубогін жеңіп алды. Одан бөлек, клубқа Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға көмектесті.
Біздің серіктес: FONBET