Жарнама
Жарнама

«Қайрат» екі ойыншымен келісім-шарт жасасты

21.06.2022, 22:12
Алматылық клуб жас қақпашымен толықты.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев клубпен 2023 жылға дейін есептелген жаңа келісім-шартқа қол қойды.

Шушеначев алматылық клуб сапына 2017 жылы ауысқан, алғашында «Қайрат А» сапында ойнады, нәтижелі ойын көрсетіп негізгі құрамға шақырту алды.

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Артур ішкі біріншілікте 12 гол соқты, кубоктік ойындарда 5 гол және Суперкубок ойынында 1 голдың авторы атанды. Маусымның үздік шабуылшысы атанып, С.П.Квочкин атындағы сыйлықты иеленді. 2022 жылғы маусымда Артур 12 ойын өткізіп 1 гол соқты.

«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеу» ФК қақпашысы Никита Пивкинмен келісім-шартқа отырғанын хабарлайды.

Никитаның клубпен келісім-шарт мерзімі 2023 жылдың соңына дейін есептелген. Өткен маусымда Никита «Қайрат-Мәскеу» сапында 3 ойын өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров