“Қайрат” ФК Офри Арадты қатарына қосқанын қуана хабарлады

29.11.2023, 23:34


 “Маккаби” Хайфа ұжымынан ауысып келген футболшының келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.  

Офри алматылық командаға осы жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Израиль құрамасы футболшысы “сары-қаралар” жейдесінде жалпы алғанда 27 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. 

 Өз елінің ұлттық құрамасы үшін Арад 6 кездесу өткізіп үлгергенін айта кетейік.