Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде 18 ойыншымен келісім-шарт жасасты

14.02.2012, 22:21
Жарнама
Жарнама
 Дмитий Огай жаттықтыратын Алматының «Қайрат» футбол клубы  16-ақпан мен 1-наурыз аралығында Түркияда үшінші  оқу-жаттығу жиынын өткізеді.Ал 27-қаңтар мен 10-ақпан аралығында өткен соңғы жиында алматылық клуб байқауда жүрген 18 ойыншымен келісім-шарт жасасты. Оның 12-сі қазақстандық, алтауы шетелдік легионер. Олар қақпашы  Андрей Шабанов пен Рамиль Нұрмұхаметов, шабуылшы Неманья Йованович (Сербия), қорғаушы Руслан Балтиев,  Нұрсайын  Жолдасов, Олег Недашковский, Рахимжан Розыбакиев, Нұржарық Кунов, Андрей Харабара, Владимир Яковлев, Руслан Сахалбаев, Илья Воротников, Кирилл Шестаков және  Марко Джорджевич (Сербия).  Йосип Кнежевич (Хорватия),   Альберто Эредиа  (Испания), Стюарт Дафф (Шотландия) мен Бурак Акйылдыз (Туркия). Бұл жиында «Қайрат» 6-ақпанда Грузияның«Дила Гори» командасына 0:2, 7-ақпанда Беларустің «Гомеліне» 0:1 және  10-ақпанда дәл осындай есеппен Сербияның «Телеоптигіне» де ұтылған болатын.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров