ҚПЛ-дегі жеңісі үшін «Қайраттың» футболшылары мен бапкерлер құрамы 500 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет өзінің Telegram арнасында.
Қазіргі кезде алматылық клубта жеке кездесулердегі жеңіс үшін дәстүрлі бонустар берілмейді, команда еуропалық бонустар жүйесіне көшіп жатыр. Сонымен қатар, кейбір ойыншыларда әр түрлі статистика үшін берілетін жеке бонустар бар. Мысалы, голдар немесе құрғақ матчтар үшін.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 3 қарашада «Қайрат» ҚПЛ-дің 17-турындағы матчта «Ордабасыны» жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Соңғы рет команда осы атақты 16 жыл бұрын жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET