Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футболшысы Ресейлік клубқа ауысты

04.09.2020, 02:17
Ойыншы бұл маусымда «Қайрат» үшін ойын өткізген жоқ.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Кирилл Колесниченко мансабын Ресей премьер-лигасында жалғастырады.

20 жасар ойыншыны Волгоградтың «Ротор» клубы жалға алды. Келісім 2021 жылдың маусымына дейін жарамды.

Алты турдан кейін «Ротор» екі ұпаймен РПЛ-дің турнирлік кестесінде соңғы орында келеді. "Қайрат" жартылай қорғаушыны осы жылдың наурыз айында сатып алған болатын. Колесниченконың алматылық клубпен келісімшарты үш жылға жасалған. Осы маусымда ресейлік ойыншы "Қайрат" жейдесінде алаңға шыққан жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров