Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футзал клубы «Витенді» жеңіп, Чемпиондар лигасының элиталы кезеңін сәтті бастады

02.12.2021, 23:54
Кака шәкірттері келесі матчын ертең өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Бүгін «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық раундындағы алғашқы ойынын өткізді.

«А» тобына түскен алматылық клубтың қарсыласы «ВитЭн» командасы болды. Кездесу 3:2 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды.

Алматылық клуб сапында Валадарес Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты. Ал соңғы минутта қарсыластың бір ойыншысы алаңнан қуылды.

«Қайрат» келесі матчын 3 желтоқсанда франциялық «Аньер-Вильневке» қарсы өткізеді, ал 5 желтоқсан күні турнир қожайыны ресейлік «Тюменьмен» ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров