Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Гүлжігіт Алықұловты Қырғызстан құрамасына жібермей қойды

23.10.2021, 15:44
Алматылық клуб алдағы маңызды матчтарға байланысты осындай шешім қабылдады.
Жарнама
Жарнама

Алматылық "Қайрат" жартылай қорғаушы Гүлжігіт Алықұловты Қырғызстанның олимпиадалық құрамасына жібермеді, деп хабарлайды Sport.kg сайты.

"Гүлжігіт Алықұлов өз клубының орналасқан жерінде. Алдағы маңызды және жауапты матчтарға байланысты клуб ФИФА футболшыларының мәртебесі мен трансфері туралы ережеге сәйкес Олимпиадалық командаға ойыншыны жіберуден бас тартты", делінген Қырғызстан футбол одағының хабарламасында.

Гүлжігіт Қазақстан чемпионатының ағымдағы маусымында 21 ойынға қатысып, 4 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров