Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ирандық шабуылшының болашағына қатысты шешім қабылдады

20.02.2022, 21:56
Шабуылшы алматылық клуб сапында бір гол соқты.
Жарнама
Жарнама

«Қайратта» қаралымда жүрген 19 жастағы ирандық шабуылшы Ария Барзегар команданың бас бапкері Құрбан Бердыевтің көңілінен шықты, деп хабарлайды AlatauFans парақшасы.

Алматылық клубтың жаттықтырушылар штабы шабуылшыны командада қалдыруға дайын екен. Ария босниялық «Борац» командасымен болған ойында «Қайраттағы» дебюттік голын соққан болатын. Барзегардың трансфері жақын арада ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Барзегар өз елінде «Жаңа Азмун» деген атқа ие болған. Өйткені Ария ойын стилі мен антропометриясы жағынан «Байер» шабуылшысына қатты ұқсайды.

Айта кетейік, алматылық клуб 6-наурыз күні Премьер-лиганың 1-туры аясында «Ақтөбені» қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров