«Қайрат» футбол клубы камерундық қорғаушы Давид Эквемен келісім-шартқа отырды.
19 жастағы қорғаушы алматылық ұжымға келмес бұрын өз еліндегі Криби қаласының «Офта» футбол клубында өнер көрсеткен.
Давид Түркиядағы қысқы ОЖЖ-да «Қайрат» сапында доп тепті және бапкерлік құрамға өзін жақсы қырынан көрсете білді.
Келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың соңына дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET