Жарнама
Жарнама

«Қайрат» капитаны мансабын Германияда жалғастырады

08.06.2022, 04:40
Футболшы «Қайратпен» келісім-шартын бұзбақшы.
Жарнама
Жарнама

Польша құрамасының 29 жастағы жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски «Қайраттан» кетуге жақын, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі Meczyki порталы.

Гуральски өткен маусымда 13-ші орын алған Германияның клубы «Бохуммен» келісім-шартқа отыруы керек.

Бірақ немістер бұл трансфер үшін «Қайратқа» ақша төлеуге ниетті емес. Осыған байланысты поляк футболшысы алматылық клубпен екі жақты мәміле бойынша келісім-шартты бұзуды жоспарлап отыр.

Осы аптада Гуральски Германияда медициналық тексерістен өтеді. Клуб пен ойыншы арасындағы келісім-шарттың талаптары нақты шешіліп қойған. Бұл Яцектің мансабындағы үшінші шетелдік клуб болмақ.

Еске салайық, Яцек Гуральски «Қайрат» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері алматылық клуб сапында 37 кездесу өткізді. Осы маусымда ол команда капитаны атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров