Дмитрий Мунтян бастаған молдовалық төрешілер тобы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» - «Карабах» ойынында қазылық етеді, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
Дмитрий Мунтянға қос қапталдан Андрей Бодян, Виктор Мардарь көмектесетін болады. Төртінші төреші қызметін Вячеслав Банарь (барлығы – Молдова) атқарады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» - «Карабах» кездесуі 4 қарашада Алматыда өтеді және жергілікті уақытпен 21:30-да басталады.
Біздің серіктес: FONBET