«Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші турында «Каспийден» басым түсті. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.
Ақтаулық команда 14-минутта матчтағы алғашқы голды соқты, Марат Шахметов бұл голды өз еншісіне жазды. Алайда, үзіліске дейін алматылықтар есепті теңестіріп қана қоймай, есепте алға шықты. Алдымен, 31-минутта Адеринсола Эсеола жауапты голды соқса, «Каспийдің» ресейлік қорғаушысы Лионель Адамс 40-минутта өз қақпасына гол соғып алды. 80-минутта Вагнер Лав матчтың нүктесін қойды.
Нәтижесінде «Қайрат» 35 ұпай жинап, турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтап қалды, ал жеті ұпаймен «Каспий» соңғы 11-ші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET