"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры аясында "Каспий" командасын оңдырмай жеңді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 5:1 есебімен аяқталды.
"Қайраттың" жас шабуылшысы Артур Шушеначев ойынның небәрі 8-минутында есеп ашты. 25-минутта көзге түскен Вагнер Лав 71-минутта дубль авторы атанды. Ал екі минуттан кейін Руслан Мрнгазов есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 83-миуттта Камо Оганесян, ал соңғы минутта Гүлжігіт Алықұлов гол соғып, матчтың нүктесін қойды
Ақтаулық клубты еш қиындықсыз жеңген Кирилл Кекер шәкірттері 3÷ ұпаймее үшінші орында тұр. 23 ұпайы бар "Каспий" жетінщі орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET