Алматылық «Қайрат» өз алаңында армениялық «Ноаны» жеңіп, Еуропа лигасының екінші кезеңіне өтті.
Ойын бүгін, 27 тамызда, Орталық стадионда өтіп, 4:1 есебімен аяқталды. Сегізінші минутта «Ноа» күтпеген жерден есеп ашып кетті - ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Бор шеберлігімен ерекшеленді. «Қайрат» тез арада есін жиды - 12-минутта Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов гол соқты. «Қайрат» бірінші таймның соңында есепте алға шықты. 35-минутта 36 жастағы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав алматылықтар үшін алғашқы голын соқты. Екінші таймда екі гол болды. 70-минутта Вагнер Лав дубль жасады, ал 94-минутта "Астананың" экс-жартылай қорғаушысы Денис Дедечко өз қақпасына гол соғып алды, бірақ бұл гол украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеоланың атына жазылды.
«Қайрат» келесі қарсыласын 31 тамызда білетін болады - жеребе Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады, ал матч 17 қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: FONBET