Жарнама
Жарнама

"Қайрат" кезекті рет ірі жеңісіне қол жеткізді

30.08.2014, 04:22
Жарнама
Жарнама
Ел премерь- лигасының 24- ші  тур аясындағы матчта алматылық "Қайрат" қарағандыдан келген "кеншілерді"  6-1 есебімен ойсырай ұтты. Ұлан Қонысбаев пен Андрей Финонченконың жоқтығы "Шахтерға" қатты білінді. Ойынның 25- ші минутында Гедиминас Вичюс есепті ашып, "кеншілерді" алға шығарған болатын. Алайда Вичюстың голына алматылық азулы команда алты голмен жауап қайтарды. Александр Кислицын мен Аслан Дарабаев өз кезектерінде бір- бір голдан соғып көзге түссе, Исаэль мен Жерар Гоу Мокин қорқаған қақпаға дубль жасап, еншілеріндегі голды арттыра түсті.   «Қайрат Алматы» — «Шахтер Қарағанды» 6:1 Голдар: Вичюс 25 (0:1), Кислицын 44 (1:1), Исаэл 49 (2:1), Гоу 57 (3:1), Гоу 61 (4:1), Дарабаев 71 (5:1), Исаэл 75 (6:1)   24- ші турдын қорытындылары: Тараз - Жетысу 2:0 Атырау - Ертіс 2:1 Ордабасы - Қайсар 0:1 Спартак - Тобыл 2: 1 Әзірге екі лидер командамыз демалыста. Дайындаған: Ерден Нұрахмет
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров