Жарнама
Жарнама

«Қайрат» «Кишвардадан» тағы да жеңіліп, Конференция лигасынан ұшып кетті

29.07.2022, 05:01
Алматылық клуб еурокубокте дебют жасаған венгриялық клубқа жол берді.
Жарнама
Жарнама

«Кишварда» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайратты» қабылдады. Қос команда арасындағы қарымта кездесу Венгриядағы «Кишварда» стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды 39-минутта Ясмин Мешанович соқты.

Алғашқы ойында да венгриялық клубтан 1:0 есебімен жеңілген Кирил Кекер шәкірттері Конференция лигасындағы жорығын аяқтады.

«Кишварда» (Венгрия) – «Қайрат» – 1:0 (жалпы есеп – 2:0)

«Кишварда»: Артём Одинцов (қ) – Матеус Леони, Антон Кравченко, Доминик Ковачич, Виктор Гей – Янис Карабелев, Бенце Этвеш (Лукас 87), Рафал Маковски (Богдан Мельник 58), Ясир Асани (Дритон Цамай 72), Ярослав Навратил (Эрик Чжерна 72) – Ясмин Мешанович (к) (Марио Илиевски 72);

Қосалқы құрам: Отто Хиндрих (қ), Михаил Готра (қ) – Тамаш Рубуш, Милош Вранянин, Имре Селеш – Роланд Биро;

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер (к), Маки Баньяк (Дамир Қасаболат 75), Виктор Васин, Сұлтанбек Астанов – Әділет Садыбеков, Антон Крачковский, Андрей Ульшин (Данияр Үсенов 27 (Вячеслав Швырёв 61)) – Гүлжігіт Алықұлов (Егор Ткаченко 75), Жоао Пауло, Артур Шушеначев;

Қосалқы құрам: Вадим Ульянов (қ) – Лев Кургин – Адам Адахаджиев, Еркебұлан Сейдахмет;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров