Алматылық «Қайраттың» баспасөз қызметі команданың болашағына қатысты мәлімдеме жасады.
«Қайрат» футбол клубы өз жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр.
Академиядағы футболшылар білім алып, жаңа маусымға дайындығын пысықтауда. Ал негізгі команда «Тараз» ФК-на қарсы матчқа дайындық жүргізуде. «Орталық» стадиондағы ойын 17 наурызда, бейсенбіде, 17:00-де басталады. Қала тұрғындары мен қонақтарын матчты тамашалауға шақырамыз!» - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше клуб президенті Қайрат Боранбаев әлдебір себептермен қамауға алынған болатын.
Біздің серіктес: FONBET